”Бөпе Land” балабақшасы-балалардың бақытты балалық шағын, қауіпсіз ортасын және жан-жақты дамуын басты мақсат еткен мекеме. Біздің балабақшада әр балаға ерекше көңіл бөлініп, оның қызығушылығы мен жеке қабілеті ескеріледі.
Біздің артықшылықтарымыз
Жас ерекшелігіне сай білім беру бағдарламасы
Білім беру бағдарламамыз әр баланың жасына, қызығушылығына және даму деңгейіне бейімделген..
Мейірімді және тәжірибелі тәрбиешілер
Тәжірибелі тәрбиешілер әр балаға жеке көңіл бөліп, қамқорлықпен бағыт береді.
Теңгерімді әрі таза тамақтану
Балаларға күн сайын пайдалы, жаңа дайындалған және теңгерімді тағам ұсынылады.
Дамыту ойындары мен шығармашылық сабақтар
Шығармашылық сабақтар мен ойындар балалардың қиялын дамытып, өз ойын еркін жеткізуге көмектеседі.
Оқыту процессі
Ұйымдастырылған іс-әрекеттер мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт бойынша өткізіледі.
Физикалық дамыту балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде және дене шынықтыру ұйымдастырылған іс-әрекеті арқылы жүзеге асырылады.
Біз тақпақ айтуды үйренеміз, ойымыздан өзіміз оқиға ойлап табамыз және оны басқаларға айтуға машықтанамыз. Біз балаларға өз ойларын анық жеткізуге көмектесеміз және көпшілік алдында сөйлеуден тартынбаймыз. Әріптер мен дыбыстарды үйренеміз! Буынға бөліп оқуды үйренеміз.
Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде және сенсорика ұйымдастырылған іс-әрекеті арқылы іске асырылады.
Тәрбиеленушілердің шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде және мүсіндеу, музыка ұйымдастырылған іс-әрекеттері арқылы іске асырылады.
Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде және қоршаған ортамен таныстыру ұйымдастырылған іс-әрекеті арқылы іске асырылады.
Әр баланың табиғи талантын ашу, оның қызығушылығын қолдау және балақайдың балабақшаға қуана келуіне жағдай жасау.
Ата-аналардың пікірлері
Хочу оставить отвыз .моя дочь ходила в этот садик. У нас очень хорошие воспоминания.всегда с теплотой вспоминаем Гульжан Нурумовну,Зарина Муратовну специалисты своего дела.Дочь с удовольствием ходила в садик, какие устраивали шикарные утренники.спасибо большое за ваш не лёгкий труд
Фарида Хибатуллина
Балаларымызга білім мен тербие беріп, эр куні куаныш сылаган балабакша ужымына алгысымыз шексіз. Осында ескен баламыздын жетістігіне сіздердін енбектерініз тікелей себеп болды. Ал казір екінші баламыз да осында жур. Сіздерге тек табыс тілейміз!
Жадыра Карим
Как и все мамы переживала отдавая ребенка в садик. Я увидела, что моему ребенку нравится. Только в этом садике сынок начал играться с детьми и участвовать в жизни деятельности садика. Большая благодарность всему составу
Александра Горьева
Үйірмелер
Әр баланың қызығушылықтарына қарай үйірмелер ұйымдастырылған.
Ағылшын тілі
Ағылшын тілі сабақтары балалардың тілдік қорын кеңейтіп, шетел тілін қызығушылықпен үйренуіне мүмкіндік береді.
Хореография
Би – музыканың мазмұнына, ырғағына сай дене қимылымен көрсетілетін өнер. Әдемі ырғақты музыка, ерекше безендірілген би сыныбы және шебер педагогтың жылы атмосферасы баланы әдемілікке, өнерге жетелейді.
Шахмат
Шахмат сабағы арқылы жеке тұлғаны жан-жақты етіп қалыптастыру өте күрделі жұмыс, ол жетекші педагогтан шахматқа оқытып қана қоймай жеке тұлғаны тәрбиелеуді және ойлау, іздену қабілетін дамыту арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру, ой еңбегіне тәрбиелеу.
Логопед
Балаңыздың сөйлеуінің дұрыс қалыптасуына алдын-ала қамқорлық жасауыңыз керек. Логопед сөйлеу проблемаларын болдырмауға және түзетуге көмектеседі.